Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз
Кіру
AA+
Город Атырау, микрорайон СМП-163, дом 2В/2
+7(7122) 36-87-09
+7(7122) 30-54-89
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз
Атырау қаласы білім бөлімінің «Бөбекжай» № 7 балабақшасы КМК

«Baby Skills Atyrau – 2026» облыстық чемпионатының қорытындысы шықты.

«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша балабақшамыздың тәрбиеленушісі Жаңбырбай Жангүлім Назымбекқызы жүлделі III орынды иеленіп, өзінің таланты мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті.

Бұл жетістік – Жангүлімнің ізденісі мен еңбегінің, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Жас дарынның бұл жеңісі алдағы үлкен белестерге бастар жарқын жолдың бастауы болсын!

Жангүлімді жүлделі орнымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз. Біз сенімен мақтанамыз!

Тәрбиеленушімізді дайындаған тәрбиеші Жиентаева Динара Қуанышқызына шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңіз жана беріп, жетістіктеріңіз арта берсін!

Сондай-ақ Жангүлімнің анасына қызына әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің қамқорлығыңыз бен жанашырлығыңыз – бала жетістігінің берік негізі.

Барша ұйымдастырушылар мен қолдау білдірген жандарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен қолдауларыңыз ортақ жетістіктің кепілі.